«КИО» олимпиада орталығы «Кенгуру» халықаралық ойын конкурсын өткізеді. Конкурстың Ережесі www.кио.kz сайтында орналастырылған. Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 Бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген. Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірген оқушылар https://кио.kz/ сайтында тіркеліп, қатысу қажет. Тапсырмаларға қиындық деңгейі қарапайымнан күрделіге дейін өзгеретін қызықты сұрақтар кіреді. Алайда, барлық есептерде дұрыс жауап бар, оны математика саласындағы білім арқылы табу керек. Конкурстың аяқталу уақыты сәуір айының соңына дейін. Олимпиадаға қатысу сілтемесі - www.кио.kz Қатысушылар Конкурс тапсырмаларын көрсетілген мерзім аралығында өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта орындай алады.